Ынтымақ туралы мақал-мәтелдер (пейіл, ықылас, талап, ниет, ілтипат, көңіл)

Ынтымақ туралы мақал-мәтелдер (пейіл, ықылас, талап, ниет, ілтипат, көңіл)

Әркім қылығынан табар,
Пейілінен жазар.

Ықылас пен ынтымақ,
Бітер іске болсын тап.

Игілік басы - ынтымақ,
Ынтымақты елде күншуақ.

Берген ас түске жетпейді,
Ниет естен кетпейді.

Бір жаманның ниеті түзелсе
Екі жаманнаң беті түзеледі.

Жыланның сырты жұмсақ,
Тісі заһар.
Жауыздың тілі жұмсақ,
Ниеті қатал.

Жыланның сырты жұмсақ,
Тісі заһар.
Жауыздың тілі жұмсақ,
Ниеті қатал.

Бай кісіде ақша көп болғанмен,
Ізгі ниет жоқ болады.

Бұрынғылар өтіпті,
Бәрін айтып ниетін
Ынтымаққа жетіпті.

Ынтымақтың түбі - игілік,
Тірлік түбі - бірлік.

Ынтымақты іс бітірер.

Ұрыс ырысты қашырар,
Ынтымақ халықты асырар.

Бұлақты болса - көл семіреді.
Ынтымақты болса - ел семіреді.

Талап - пендеден, қолдау - Тәңірден

Жаманға айтқан ақылың —
Далаға атқан оқпен тең.
Талабы жоқ жас ұлың —
Жалыны жоқ шоқпен тең.

Әуелі бойыңда талант болсын,
Талантыңа талабың қанат болсын.

Талапты — тас жарар,
Талапсыз — бас жарар.

Талап — тұлпар,
Білім — сұңқар.

Тәйке түссе — талабымнан.

Ерді талап ұшырар,
Құсты қанат ұшырар.

Тауды биік демеңдер,
Талаптансаң шығарсың.
Жауды мықты демеңдер,
Жарақтансаң жығарсың.

Қуаттының қолы ұзын,
Талаптының жолы ұзын.

Қуаныш жоқ, қайғы жоқ,
Қас наданның белгісі.
Тәуекел жоқ, талап жоқ —
Оңбайтұғын — ез кісі.

Талаптың тұлпары
Тас қиядан таймайды.
Саятшының сұңқары
Салса, ілмей қалмайды.

Таудай талаптан
Бармақтай — бақ.

Талап таудан да асырар.

Талапты ерге нұр жауар.


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру