Жұбан Молдағалиевтің 100 жылдығы


«Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген» ... Исі қазақтың афоризміне, ұлттың ұранына айналған сөз тіркесі. Қазақтың болмысын, мінезін, бәрін өлеңмен өрген ақын, ұлт жанашыры, қайраткер Жұбан Молдағалиев пен нағыз қазақ есімі егіз іспетті. «Мен туралы дастан да сен туралы, менше көрсең, менше ойлап ертеніңді», қазақты Жұбанаша сүю Жұбанаша ойлау – талайдың арманы.
«Пәк сәбимен бесікте уілдеген, дәуірлермен құрдаспын данамын мен»... Сәби Жұбанды бесігінде тербеткен Ақ Жайығы ақынды табиғи талант, адами ер, қарым-қабілеттен кенде қылмаған. Осыдан жүз жыл бұрын Тайпақ топырағында іңғәлаған дауыс ұлттың үніне айналды. Әкеден ерте айырылса да, мәрттікті, батылдықты қазақтың нар ұлдарынан үйренді. Жас Жұбан ауылшаруашылық маманы бола тұра, қазақ, орыс әдебиетінің классикасымен сусындайды. «Талантты адам барлық жағынан талантты» ден мәтел Жұбанға айтылғандай.
«Мен жігітпін, айқасқа, сынға асықпын, шарықтасам, қыран боп шыңға шықтым» ... ақындық дарынмен қатар азаматтықтың дәнін сепкен алтын бесігі перзентін Отан қорғауға Қызыл әскер қатарына аттандырады. Сұрапыл соғыстың алғашқы күндерінен бастап зеңбірекші, саяси жетекші орынбасары, батарея комиссары сатыларынан өтіп, еліне қызмет жасайды. Журналистика, публицистикаға бет бұруы да осы кезеңмен байланысты. От пен ақтың, қиындық пен зұлымдықтың арасында жаумен алысып жүріп, Жұбан жырмен жұбатты халқын. Замандастарының бет-бейнесін, адамгершілік қасиеттер, ерен ерлікті туындылырына арқау еткен «Қыран дала» сияқты поэмалары, әскери поэзияда сынды жалынды өлеңдері жауынгерлерге де «Жеңіс жырлары» атты алғашқы жыр жинағы. Бұл – ақынның ғана емес, дауылды жылдардың қазақ поэзиясындағы табысы.
«Соғысқа емес, соғысты құртқанға орнат,
О, Адамзат, ең биік тұғырыңды»... Елге бейбіт күн орнағанда, ақын шығармашылығы отансүйгіштік, әділдікті ту еткен жырларымен толықты. Шайырдың шығармалары нәзік лиризмге де бай.

Фатима ҚОЗЫБАҚОВА тарих ғылымдарының кандидаты, профессор,
Ақниет ИШАНОВА Әл-Фараби атындағы
ҚазҰУ филология жәнеәлемтілдері факультетінің 1 курс студенті Алматы қаласы


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру