Неліктен І Карл мен ІІ Осман шексіз билеуші монарх бола алмады? 2-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 6 сынып, ІІІ тоқсан)

 Неліктен І Карл мен ІІ Осман шексіз билеуші монарх бола алмады? 2-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 6 сынып, ІІІ тоқсан)

Пән: Дүниежүзі тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Абсолютизм: Батыс пен Шығыс
Сабақ тақырыбы: Неліктен І Карл мен ІІ Осман шексіз билеуші монарх бола алмады? 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.3.1.2 - Батыс пен Шығыстағы монархия формаларын (сословиелік-өкілдік және шексіз билік) ажырату
6.3.1.5 - саяси биліктің ерекшеліктерін анықтау үшін әртүрлі ел билеушілерінің қызметін салыстыру
Сабақ мақсаттары: І Карл мен ІІ Османның монархия формаларын анықтап, шексіз билеуші монарх бола алмау себептерін анықтау.
(БЫМ) (Б) Оқушыларға І Карл мен ІІ Осман патшалардың портреттері мен мемлекет суреттері, Стамбұлдағы Топкапы сарайының суреттері көрсетіліп, сұрақтар қойылады.
1. Бұл суреттердің бір-бірімен қандай байланысы бар?
2. Бұл суреттер топтамасы қандай ойды білдіреді? Оқушылардан олардың жауабын тыңдап болған соң, суреттегі І Карл Англия елінің королі, ІІ Осман Осман империясының сұлтаны екендігін, көркем жазулы мөр оның билігінің бекітілуі, сарайы-оның сән-салтанатты үйі, ал садақтың адырнасы болжам бойынша оны тұншықтырып өлтірген құралы екендігін түсіндіріледі.
Осы ақпараттар арқылы сабақ тақырыбына болжам жасату.
Жұмыс дәптеріне сабақ тақырыбын жазып, оқушылармен бірлесіп, сабақ мақсаты анықталады, бағалау критерийлері және тарихи концептімен танысу.
Б. Миға шабуыл:
• Англия қай жерде орналасқан?
• Ортағасырлық Англия мемлекеті туралы не білесіңдер?
• Англия королі І Карл мен ІІ Осман неліктен шексіз монарх иесі бола алмады?
М/Ж №1 тапсырма: Мұғалім оқушыларға «Англия XVII ғ.» деген мәтін таратып, І Карл өзін шексіз монарх ретінде көрсете алмау себебін мәтіннен анықтатып, ІКарлдің абсолюттік монархияны құру үшін қалай әрекет ету керектігі туралы қорытынды жасатыңыз.
Ж. Жұпта жұмыс нәтижесін талқылап, жұмыстарын жариялайды.
Дескрипторлар:
• Карл Стюарт монарх ретіндеөзін көрсете алмау себебін анықтайды;
Ж. №2 тапсырма: Оқушылар жұппен І Карлмен ІІ Осман империясындағы монархиялық жүйенің ұқсастығы мен айырмашылығын кестеде берілген сұрақтар төңірегінде анықтап, салыстыру жасату.
Дескрипторлар:
• Оқушылар жұппен І Карлдің билігімен ІІ Осман империясындағы монархиялық жүйенің ұқсастығын анықтап, салыстырады;
• І Карлдің билігімен ІІ Осман империясындағы монархиялық жүйенің айырмашылығын анықтап, салыстырады;......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру