Ерлан Малаев (1971 жылы 18 наурыз)

 Ерлан Малаев (1971 жылы 18 наурыз)

Ерлан Малаев (1971 жылы 18 наурызда Алматы облысы Шелек ауданында туған) - театр актері, эстрада әншісі. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2013). Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының актері (1997 жылдан).
Ерлан Малаев 1971 жылы 18 наурызда Алматы облысы Шелек ауданы Масақ ауылында дүниеге келген.
1993 - 1997 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының (бұрынғы Қазақ Мемлекеттік театр және кино институты)ның «Театр және кино актері» бөлімін бітірген.
1997 жылдан Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының актерлік құрамында.
2003 жылдан "Бәйтерек" эстрадалық тобының әншісі.
Сахнадағы негізгі рөлдері
Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театры сахнасында: Тұсаукесер рөлі М. Әуезовтің пьесасы бойынша «Қанды азу» спектаклінде Ақшоланды өте жоғары дәрежеде көрсете білді. М. Әуезовтің «Еңлік-Кебек» – Дәулеткелді, «Абай» – Керім, «Айман-Шолпан» – Маман, Ғ. Мүсірепов «Қыз Жібек» – Бекежан, «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» – Қодар, В. Дельмар «Баянсыз бақ» – шал, І. Жансүгіров «Махамбет» – Исатай, Ш. Айтматов «Ғасырданда ұзақ күн» – Еділбай, Дж. Патрик «Қымбатты Памела» – доктор, А. Цагарели «Гамарджоба» – Микич, Қ. Жүнісов «Махаббат мелодрамасы» – Әмір, Т. Джюдженоглу «Көшкін» – қауым басшысы, И. Штраус «Жұбайлар жұмбағы» – Франк, Е. Жуасбек «Терең тамырлар» – орман директоры, «Антивирус» – Асан, У. Шекспир «Гамлет» – Клавдий, Қ. Жиенбай – «Таңғажайып планета» – Мүсіркеп, Д. Рамазан «Абылай ханның арманы» – би, С. Балғабаев «Ең жақсы еркек» – Алпан, В. Ежов «Тыраулап ұшқан тырналар» – Кузовков, т.б.
Марапаттары
2006 жылы "Серпер" Қазақстан жастар одағы сыйлығының лауреаты.
2006 жылы ҚР Үкіметінің "ДАРЫН" мемлекеттік жастар сыйлығының иегері.
2013 жылы Елбасының жарлығымен "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағымен марапатталды.
Көптеген халықаралық және республикалық театр фистивальдерінің жүлдегері.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру