Сәбит Әбдіхалықов Әбдімүтәліұлы (1973 жылы 1 тамыз)

 Сәбит Әбдіхалықов Әбдімүтәліұлы (1973 жылы 1 тамыз)

Сәбит Әбдімүтәліұлы Әбдіхалықов (1973 жылы 1 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданында туған) — актер және режиссер. Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты (2000). «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері (2008). Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының директоры (2015 жылдан). Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2017).
Сәбит Әбдімүтәліұлы 1973 жылы 1 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданы Рабат ауылында дүниеге келген.
1992 - 1996 жылдары "театр және кино актері" мамандығы бойынша Қазақ ұлттық өнер академиясы (бұрынғы Т.Жүргенов атындағы Қазақ Мемлекеттік театр және кино институтын) бітірген.
2009 жылы Біліктілігін арттыру мақсатында «New York Film Academy» USA қосымша білім алған.
2013 – 2015 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «өнертану ғылымдарының магистрі» дәрежесін алды
Еңбек жолы
1996 – 1999 жылдары “Бауыржан-шоу” әзіл-сықақ театрының актер
1999 – 2003 жылдары “Тамаша” сатира театрының актер
2003 жылдан “Мафия мен Тақия” әзіл-сықақ театрының актер
2006 – 2007 жылдары “Қазақ әуендері” АҚ филиалының “Қазығұрт” эстрада театрының жетекшісі
2008 – 2012 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының шығармашылық орталығының жетекшісі
2008 – 2011 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының аға оқытушы
2012 – 2013 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының тәрбие ісі және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор міндетін атқарушысы
2013 жылы ОҚО Мәдениет басқармасының «Оңтүстік-Цирк» МКҚК директоры
2014 – 2015 жылдары «Салтанат Мемлекеттік би ансамблінің» директоры
2015 жылдан Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының директоры қызыметін атқарады.
Мемлекеттік марапаттары
2000 жылы Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты
2008 жылы «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері атанды.
2015 жылы "Қазақстан конституциясына 20 жыл" медалі
2016 жылы "Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл" медалімен марапатталған.
2017 - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
2018 жылы «Астанаға 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталған
Отбасы
1 ұл, 4 қызы бар.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру