Нағима Есқалиева Қабылқызы (1954 жылы 3 ақпан)

 Нағима Есқалиева Қабылқызы (1954 жылы 3 ақпан)

Нағима Қабылқызы Есқалиева (1954 жылы 3 ақпанда Алматы) - әнші, профессор. ҚР халық әртісі (1999).

Өмірбаяны
Нағима Алматы облысының Жамбыл ауданындағы Фабричный кентінде жұмысшы отбасында туды. Оның ата тегінің қонысы Ақтөбе облысы. Әкесі – Қабыл, анасы – Асыл қарапайым отбасы. Ол бала кезінен актриса болуды армандады.

Қазақстанның қазіргі көптеген эстрада жұлдыздары эстрада цирк студиясында (бұл қазіргі күні Жүсіпбек Елебеков атындағы колледж) қанаттанды. Соның бірі – Нағима Қабылқызы Есқалиева. Оның ұстазы Қазақстанның әйгілі өнерпазы – Лаки Кесоглу. Ол бұл студияны 1973 жылы тәмамдады.
Алматы музыкалық училищесін (хорға дирижерлік жасау бөлімін) бітірген.
Есқалиеваның есімі 1979 жылы “Әнмен өрнектелген өмір” Бүкілодақтық жас әншілер сайысынан соң эстрадалық музыканы сүюшілер арасында белгілі бола бастады.
Жастардың «Алло, мы ищем таланты!» сайысында дипломант атанды. Оның осы сайыста өнер көрсетуі үлкен табыспен өтті.
1977 жылы П.И. Чайковский атындағы Алматы музыкалық училищесін бітірді. Осы жылдан бастап «Қазақконцерт» бірлестігінде екі жыл бойы әншілік жолда болды
1978 – 83 жылдарын «Гүлдер» ансамблінің әншісі.
1979 жылы ол әртістік күшін Бүкілодақтық жас әртістер сайысында Ленинградта сынайды
ХІХ Халықаралық эстрада әндеріне арналған «Алтын Орфей» фестивалінде бірінші сыйлықты иеленді.
Әнші даусының диапазоны кең, эстрадалық музыка мәнерін жақсы сезінеді. Оның репертуарында әр түрлі жанр мен бағыттағы қазақтың халық әндері мен қазіргі замандық композиторлар әуендері бар. К. Дүйсекеевтің “Сәлем саған, туған ел”, С. Бәйтерековтың “Күнге табыну” және тағы басқа әндер оның орындауында әнмен айтылған өмірге айналды.

1996 жылы ол Қазақстанның талантты балалары үшін эстрадалық шеберлік студиясын ұйымдастырды.
Нағима Қабылқызы Есқалиева 1984 жылы Қазақстан комсомолы сыйлығының лауреаты атанды. Ол музыка өнерпаздары ортасында Қазақстанның халық әртісі атағы берілген ең соңғы әртіс (1999 жыл)

Марапаттары
2013 - Құрмет ордені
Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің үздігі
Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры
1999 - Қазақстан халық әртісі
1985 - Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі
Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру