Елбай Қосымбайұлы (1900 - 1931)

 Елбай Қосымбайұлы (1900 - 1931)

Елбай Қосымбайұлы (1900, Маңғыстау өңірі, Жыңғылды, Тұщыбек аймағы, Қабырға мекені – 1931, Маңғыстау ауданы, Жыңғылды ауылы) – суырыпсалма ақын, қолөнер шебері.

1931 жылы Адай көтерілісі кезінде қайғылы қазаға ұшырады.

Еңбектері мен шығармалары
Өлеңді жасынан серік еткен Қосымбайұлынан «Мал баққан қара шаруа», «Жарандар, құлақ салыңыз», «Мен жүйрік топтан озған», «Елбайдың термесі» атты шығармалары кейінгі ұрпаққа жеткен. Бұдан басқа «Беттескенде», «Ұмтыл, алға», «Надандық», «Жақсылық пен жамандықтың сипаттары», «Тәкаппар менмен туралы», тағы басқа өлең-жырлары белгілі.

Елбай ерші, етікші, өрімші, ою-өрнексалушы, құдықшы, шығыршы болған; безендіріп тамдар да салған. Ол кеңес өкіметін әділдік орнатушы деп қабылдап, өз шығармаларымен оның насихатшысы болды, тіпті В.И. Ленинге арнаған жырын өрнектеп мола қабырғасына жаздыртып қалдырған.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру