Қалмақан Әбді «Қажымұқан» әңгімесіндегі кейіпкерлер бейнесі (6 сынып, III тоқсан )

 Қалмақан Әбді «Қажымұқан» әңгімесіндегі кейіпкерлер бейнесі (6 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:Мен балаң жарық күнде сәуле қуған...
Сабақтың тақырыбы: Қалмақан Әбді «Қажымұқан» әңгімесіндегі кейіпкерлер бейнесі
Оқу бағдарламасына сілтеме: 6.А/И2.Эпикалық,поэзиялық шығармалардағы автор бейнесін анықтау.
Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың барлығы орындай алады:
Шығармадағы автор бейнесін анықтаймын.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
Шығармадағы автор бейнесін өзге кейіпкермен салыстырамын.
Кейбір оқушылар орындай алады:
Шығармадағы кейіпкер бейнесін өз ойыммен, көркем тілмен жалғастырамын.
Сабақ барысы:
Топқа бөлу. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Оқушылар шеңбер бойымен тұрып, бір-бірінің иығына қолын қойып, жақсы тілектер айтады.
Ой шақыру
1. Автор туралы не білеміз?
2. Жазушының қандай шығармаларын білесіздер?
3. Кейіпкерге қатысты тағы қандай тың ақпарат не білеміз?
4. Соғыс кезінде қартайған Қажымұқан қандай үлес қосты?
Топтық тапсырма
Берілген үзіндіні оқыңыз. «Даналық кілті» әдісі арқылы
үзіндімен жұмыс істеңіз.
1-топ. «Салыстыру» кілті.
Шығармада автор Қажымұқанның бет-бейнесін, киімін, өзін ұстай білу қасиетін салыстырыңыз. Шығармада автор өз бейнесін қалай көсетеді? Себебін түсіндіріңіз.
Бағалау критерийлері:
- үзіндіден автор бейнесін анықтайды;
- кейіпкерлерді салыстырады.
2-топ. «Бағалау» кілті.
Бала Қажымұқанның орыс байларына жалдану және қарсылықсыз қызмет ету себебін анықтаңыз. Алғашқы таныстықты автордың ерекше бейнелеуіне баға беріңіз.
Бағалау критерийлері:
- үзіндідегі автор бейнелеуіне баға береді;
- іс-әрекеттің себебін анықтайды.
3-топ. «Егер де...» кілті.
Егер де автор болсаңыз Қажымұқан мен Масляков арасындағы қатынасты қалай суреттер едіңіз?
Бағалау критерийлері:
- автор бейнелеуінен өзгеше суреттейді;
- қызықты етіп бейнелейді.
4-топ. «Керісінше» кілті.
Қажымұқан мен Масляков керісінше бейнелеп, оқиғаның қалай аяқталарын, қалай болғанын баяндаңыз.
Бағалау критерийлері:
- автор бейнелеуін керісінше суреттейді;
- ерекше көзқарас ұсынады.
Дифференциациялық тапсырма.
«Он жылдан соң» деп, оқиғаның уақыт өткеннен кейін қалай жалғасарын өз ойыңызша іліп әкетіңіз.. Көркем тілмен бейнелеңіз. ________________________________________________
Бағалау критерийлері:
- кейіпкерлер бейнесін өз ойымен жалғастырады;
- көркем тілмен бейнелей алады.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру