Экономика | Бюджетпен есеп айырысу есебі мен аудиті

Экономика | Бюджетпен есеп айырысу есебі мен аудиті

Бюджетпен есеп айырысу операцияларының есебі.

Бюджет – жалпы мемлекеттік тұрғыдан бөлініп пайдалану, жұмсау үшін құрылатын қаржы қоры болып табылады. Бюджеттің қаржы экономиканы дамытуға, халықтың материалдық әл-ауқатын, мәдени деңгейін көтеруге және басқа да мақсаттарға пайдаланады.
«Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiнде белгiленген тәртiппен салықтардың өсiмақы мен айыптар есептелген сомаларын көре аламыз, сондай-ақ салық қызметi органдары лауазымды тұлғалардың әрекетi (әркетсiздiгi) бөлiгiнде салықтық тексерулердiң актiлерi бойынша хабарламаларға заңды және жеке тұлғалардың шағымдарын қарайды.
Әлеуметтік салықты есептеу тәртібі.
Әлеуметтік салық – заңды тұлғалардың бюджетке төлейтін салықтардың бірі. Оның басқа салық түрлерінен ерекшелігі, бұл салық ұйымның еңбекақы төлеу қорына тікелей байланысты болып табылады. Яғни бұл салық ұйымының еңбекақы төлеу қорының белгілі бір пайызы түрінде есептеліп кәсіпорының шығындарына қосылып отырады. Бірақ та жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелген еңбекақыдан ұсталмайды. әлеуметтік салықты төлеушілердің қатарына барлық заңды тұлғалар мен кәсіпкерлік қызмктпен айналысатын жеке тұлғалар жатады.
Салық санының есептеу объектісі салық салу ставкасы. Әлеуметтік салықты төлеу есепті айдан кейінгі айдың 15 –нен кешіктірмей жүргізді. Әлеуметтік салық жөніндегі декларация есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15 – інен кешіктірмей тоқсан санының тапсырылып отырады. Осы бөлім жер қойнауын пайдалануға кемсіне шарттар бойынша туындайтын салық міндеттемелерін орындауға байланысты ерекшеліктерді және 1–ші үстеме пайда салығын; 2 – ші жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы
төлемдерін; 2 - бонустарды: а) қол қойылатынын; б) коннерциялық табуды; 3 – ші роялтиді; 4 – ші өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасыныңүлесін есептеу мен төлеу тәртібін белгілейді.
Әлеуметтік салықты Қазақстан Республикасының президенті заңды тұлғалар жеке кәсіпкерлер, адвакаттар төлейді. Кірістер түрінде жұмыс берушінің қызметтерге төленетін шығындары аталған төлеушілер үшін салық санының объектісі болып табылады.

Кәсіпорында әлеуметтік салық сомасы есептелгенде оның бухгалтериясында мынадай жазу жазылады.
Д–т:«Жалпы жәнек әкімшілік шығындар» деп аталатын шот.
К – т: «Әлеуметтік салық» деп аталатьын шот.
Ал ол сома бюджетке есеп айырысу шотынан төленгенде:
Д – т: «Әлеуметтік салық» деп аталатьын шот.
К – т: «Ақшалар» деп аталатын шоты түріндегі бухгалтерлік жазуы жазылады.
Кейінге қалдырылған корпаративтік табыс салығының есебі.
Бухгалтерлік есепте табыстың сомасы бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес анықталған табыс пен шығындардың айырмасынан құрылады. Салық салынатын табыстың сомасы салық заңына сәйкес анықталады. Салық заңы талаптарының бухгалтерлік есеп талаптарынан өзгешелігі бар. Осының негізінде бухгалтерлік есепте анықталған табыс пен салық салынатын табыстың арасындағы айырмашылығы пайда болады. Бұл айырмашылық пайда болу себептеріне байланысты тұрақты немесе уақытша болып бөлінеді.
Тұрақты айырмашылықтың пайда болу себебі, бухгалтерлік табыстың анықт ау барысында есепте алынатын табыс пен шығындардың кейбір ббөлігі слық салынатын табыстын санағанда есепке алынбайды. Тұрақты айырмашылығы қатарына мыналар жатады:
- Валюталық шоттармен шетел валютасы бойынша туындаған бағамдық айырмашылық.
- Бюджетке төленетін айыппүл ықпалшралары.
- Кәсіпкерлікпен байланысты емес шығындар.
- Қазақстан Республикасы Үкметі белгілеген шектен артық мөлшерде төленген іссапарлық, өкідік және т.б
Уақытша айырмашылықтың пайда болу себебі есеп беретін кезеңде есептелген бухгалтерлік табыстар мен шығындардың кейбір баптар бойынша сомасы осы кезеңедегі салық салынатын табыстардың құрамына кіргізіледі. Сөйтіп, есеп беретін кезеңдегі пайда болған уақытша айырмашылық келешектегі есеп беретін мезгілде күшін жояды.
Уақытша айырмашылық мыналардың нәтиежесінде пайда болады:
- Бухгалтерлік есеппен салық есебінде табыстар мен шығындарды мойындау уақытын белгілеу тәсілдемесінің айырмашылығынан (бухгалтерлік есепте – есептеу принципі, ал салық есібінде – кассалық әдіс бойынша).
- Бухгалтерлік есеп пен салық есібінде амортизациалық
айырымды есептегенде әр түрлі әдістерді қолданылады.



- Негізгі құралдарды бухглтерлік есептен шығару мен салықтық есептен оларды есептен шығарудан болатын айырмашылықтан және тағы да басқалардан.
Бухгалтерлік және салық есептерінің талаптарындағы өзгешеліктер нәтиежесінде пайда болған айырмашылықтар «Кейінге қалдырылған корпаративтік табыс салығы» деп аталатын шотта жүргізілді. бұл пассивті шот кридиттелініп, ал азайғанда дебиттелінеді. Кейінгі қалдырылған салық сомалары бұл шотта өздерінің түрлері бойынша бөлек есептеледі.
Корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны салық органына есептік салық негізіне негізгі жылдың 31 наурыздан кешіктірмей табыс етеді.
Корпоративтік табыс салығы жөніндегі декларация, декларациядан және кәсіптік табыс салығы бойынша салық
салу объектісінен салық салуға байланысты объектілер туралы ауыртпалықты ашу жөніндегі қосындысынан тұрады.
Жеке тұлғалардың ұсталынатың табыс салық
Есепті жыл бойы салық слынатын табысқа ие болған жеке тұлғалдардан салық төлеушілер болып табылады. Жеке тұлғалардаң жылдық жиынтық табысының еңбекақы түрінде алынатын табыстар, кәсіпкелік қызметінен алынатын табыстары және тағы да басқа табыстар кіреді.
Жеке тұлғалардың мүліктік табысына тек қана активті келесі түрлерінің құндарына инфляцияға байланысты түзетуді есепке ала отырып өткізуден түскен құнның өсімі жатады: салық төлеушінің тұрақты тұратын жері болып табылмайтын, жылжымайтын мүліктің, бағалы қағаздары, заңды тұлғаларға және басқа материалдық емес активтерге қатысу үлесінен; шетелдік валютадан; асыл тастар және асыл материалдар, олардан жасалған зергерлік бұйымдардан, құрамында асыл тастар және асыл металдар бар басқа да бұйымдардан, өнер туындылары мен антиквариаттардан. Жеке тұлғалардың салық төленетін табыстарының құрамы салық кодексінде құрылады.
Табыс салығының мөлшері ай сайын бір қалыпты ұстау үшін салық салынатын табыстың есепті сомасы мен одан ұсталанын табыс салығының сомасы есептелетін айлардың санын білдіретін сан мәні бар бірлікке 12 санының қатынасы көрсететін қайта есептеу көрсеткіші белгіленген. Мердігерлік шарт бойынша жұмыс істейтін тұлғаларға төленетін төлем, сондай – ақ бір жолғы төлем түрінде
берілетін басқа да төлемдерден салық ұстау кезінде бұл есептеу көрсеткіші қолданылмайды. Жеке тұлғалардан табыс салығы ұсталған уақытта.

Д – т: «Қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысу»
К – т: «Бюджетке төленетін басқадай салықтар, алымдар және міндетті төлемдер» шоты түрінде бухгалтерлік жазу жазылады.
Қосылған құн салығы товарды ( жұмыстарды қызмет көрсетеді) өнімнің және олардың арыздарына қосылған, оларды өткізу бойынша салықтың санын айналым құнының бір бөлігін бюджетке аударуды, сондықтан Қазақстан Республикасының аумағындағы товарлар кезіндегі аударымды білдіреді. Бұл ретте салық салынатын айналым мен салық салынатын импорт салық обьектісі болып табылады. Қосылған құнға салынатын салық «Қосылған құнға салынатын салық» шотында есептеледі. Бұл пассивтік шот болғандықтан кредитінде салынға салық сомасы, ал дебитінде бюджетке аударылған және субьектінің жабдықтаушыларға тиісті түрде рәсімделген салық шотына бойынша төленген сомалар жазылады. Бюджетке төленуге тиісті қосылған құнға салынатын салық өткізілген өнім, орындалған жұмыс немесе көрсетілген қызмет үшін есептелінген қосылған құңға салынатын салықтың сомасы мен сатып алынатын тауарға, материалдар мен жабдықтаушылардың көрсететі қызмет, орындаған жұмысы үшін төленген қосылған құнға салынатын салық сомалардың арасындағы айырма ретінде айқындалады. Қосылған құнға салынатын салық мөлшері Қазақстан Республикасының салық заңында белгіленеді.
Салықтың санын айналым бойынша бюжетке төленуге тиіс. Қосылған құн салығының сомасы есепке жатқызылған салықтың сомасы арасындағы айырымы реттеуде анықталды.
Қосылған құн салығының ставкасы 16% -ке тең болды. 2004 жылдан бастап 15% -ке тең. 2007 жылдан бастап 14% -ке тең болды. Белгілі товарды өткізу бойынша айналымға қосылған құн салығы олардан ставка бойынша салынады. Салықтың санын икемді бойынша қосылған құн салығының ставкасы 10% -ке тең болды.
Қосылған құн салығы төлеуші әрбір салықтың кезеңі үшін, қосылған құн салығы бойынша декларацияны салықтың, кезеңінен келесі айдың 15-ке дейін кешіктірмеуге тиіс.
Акциздік салықтар
Акциздік салықтар дегеніміз – салынатын тауардың бағасына қосылатын, сатып алушы төлейтін салық болып табылды. Акциздік салық салынатын тауарларға Қазақстан Республикасының аумағында шығарылған немесе Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарлар, яғни спирттің барлық түрлері, темекі өнімдері, құрманында темекісі бар басқа да өнімдер және күнделікті қолданылмайтын басқа да бұйымдар жатады.
Қазақстан Республикасы аумағында акцизделуге жататын тауарларды өндіретін немесе акциздеуге тиісті тауарларды импорттайтын немесе Қазақстан Республикасы аумағында ойын бизнесін жүзеге асыратын барлық заңды тұлғалар акциз салығы есептегенде:
Д – т: «Алынуға тиісті борштар» деп аталатын шот
К – т: «Акциз салығы» деп аталатын шоты түрінде бухгалтерлік жазу жазылады.
Кәсіпорындар мен ұйымдар бұл жоғарыда айтылған салықтардан басқа да өзінің меншігі жерге, көлік құралына және мүлкіне заңды бекітілген мөлшерде салық төлеп тұруы тиісі. Салықтар бұл түрлері есептелген уақытта кәсіпорының бухгалтериясында:
Д – т: «Жалпы және әкімшілік шығындар» деп аталатын шоты
К – т: «Жер салығы»
«Мүлкіне салық» деп аталатын шоттар түрінде екі жақты жазу жазылады.
Сондай – ақ «Бюджетке төленетін басқадай салықтар мен алымдар» шотында Қазақстан Республикасы заңдарында қаралған басқадай салықтар, алымдар мен міндетті төлемдер есептеледі. Бұл айтылғандардың қатарына:
- шығарылған бағалы қағаздарды тіркеу алымы
- жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдерімен салығы және т.б
Салықтардың, алымдары мен міндетті төлемдерің түрлері, мөлшері және олардың төлеу тәртібі Қазақстан Республикасы заңдарынды қаралады. «Бюджетпен басқадай есеп айырысу» шоттардың кердитіне тиісті шығындар есептелетін шоттардың дебитінен есептелген салық, алымдар мен міндетті төлемдер сомасы, ал бұл шоттың дебитіне тиісті төлем төленген шоттардың кредитінен төленген сомалар....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру