Қош келдің Наурызым

 Қош келдің Наурызым

Мақсаты: Балаларды қазақтың салт - дәстүрімен, қазақ киімдерімен таныстыру.
Жүру барысы:
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, апайлар Наурыз мерекесі құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жаңа жыл келді. Бәріңізге жаңа жыл бақыт жылы, бейбіт жылы болсын!
Анель: Қыс өтіп, қар кетіп,
Шырайлы жаз жетіп.
Шаруаның кенелген,
Мейрамы ежелден.
Құтты болсын Наурыз!
Бекарыс: Наурыз тойы салтанат,
Наурыз тойы мархабат.
Әр жүректен ән тарап,
Шаттанады шартарап.
Жүргізушілер залдан шығып кетеді.
Алдымен ата мен әже, немересі келіп отырады.
Ата: Бүгін ұлыстың ұлы мерекесі - наурыз. Қаладағы немерелер не істеп жүр екен? Өздерін әбден сағындық.
Әже: Мен де сағындым, жылда Наурызда келіп қалатын еді, бүгінде келіп қалар
Көңілді әуенмен залға балалар келеді.
Ата мен әже балалардың бастарын сипап қуанады.
Тәрбиеші: Әже, ата бүгін мерекеге немерелеріңізді ертіп келдім, сіздерді қатты сағыныпты.
Ата: бізде сағындық, бойларыңда өсіп қалыпты.
Тәрбиеші: Тек бойлары емес ойымыз да өсті, құр қол келген жоқпыз, өнерлерімізді ала келдік.
Әже: Көрсете ғой өнерлеріңді балабақшаға баратын балалар ғой.
Тәрбиеші: Ендеше балалар наурыз мерекесіне арнап ән шырқайық.
Ән. «Наурыз»
Залға төрт бала кіреді, ата мен әжеге көріседі. Сәлеметсіздер ме!
1 - бала: Ата, әже наурыз мерекесі құтты болсын, наурыздан наурызға жете беріңіздер, сіздерге көрісейік деп келдік.
Ата: Иә, балаларым өркендерің өссін.
Көрісу деген жақсы ғой, жасы кішілер жасы үлкендерге келіп көріседі, батасын алады.
Әже: Ал ендеше мен бата беріп жіберейін, отыра қойыңдар.
Жас қайырлы болсын,
Өмір ұзақ болсын,
Әлі талай көрісуге жазсын.
Ата, әже біз сіздерге би билеп берейік.
Би: «Боз жорға» .....



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру