Қазақстан – ұлы отаным

 Қазақстан – ұлы отаным

Мамыр Маржан
10 сынып, «Ақбастау» жалпы орта мектебі
Қазығұрт ауданы

Отан. Бұл сөзді естігенде, ойға алғанда әрбір адам баласының жүрегі езіліп, ден бойы шымырлауы анық. Себебі, әрбір қазақ деп, халық деп соққан кеудедегі жүрек болған соң және нағыз патриот жандар болғандықтан. «Отан отбасынан басталады». Бұл мақалдан не түсінеміз? Әрине, бұдан түсінетініміз әрбір адам баласы ең алдымен өз әке – шешесін, бауырларын , яғни өз отбасын сүйеді ,бағалайды және сыйлайды. Осылайша өз отбасын құрметтеген адам өз Отанын да дәл осылай сезімдермен қабылдай алады. Отан – туып өскен жерің, кіндік қаның тамған, тай құлындай ойнап өскен өлкең. Отанға деген махаббат, сүйіспеншілік, құрмет – мұның барлығы анаға деген ыстық сезіммен пара пар бола алады. «Отанды сүю –өркениеттіліктің белгісі» дегендей барынша осындай іс-әрекеттерді айтып қана қоймай соны жүзеге асыруымыз қажет.
Отаншыл болу – ең алдымен өткенді білу. Осынау қойнауы қазынаға толы байтақ даланың әр пұшпағын бабаларымыз ақ найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғағанын ұмытпау – парыз.
Отаншыл болу – ұлтжанды болу. Ұлтсызда Отан жоқ. Болмақ емес. Ата салттың қадіріне жетпеген, ана тілін ардақтай алмаған бозөкпе отаншыл болып жарытпайды, Отаншыл болу – бір – біріңе бауырмал болу. «Жақыныңды жаттай сыйла, жат жанынан түңілсін» дейді дана қазақ халқымыз. Ұлы ақын, кемеңгер Абай айтқандай «Біріңді қазақ, біріңді дос, көрмесең, істің бәрі бос». Сол секілді жұдырықтай түйілген, бірлігі жарасқан, тас қамалдай берік Қазақстан - менің отаным, алтын ұя мекенім. Негізінен кез келген адам баласының борышы, парызы – Отан алдындағы парызын өтеу. Сондықтан да мынадай бейбіт заманда да әрбір азамат Отанды қорғай алады. Ол деген қолға қару алу емес, өз отаныңның білімді, өркениетті, сауатты да салауаттты перзенті бола алу. Міне, қазіргі таңда біздің отанымыз яғни Қазақстанның көп көңіл бөлініп жатқан мәселесі келешек, өскелең ұрпақтың сауатты болуына, анығырақ айтар болсақ елбасымыздың мән беріп жатқан мәселесі осы.Қазіргі таңда бұл саясаттың жемісін татуға аз – ақ қалғандай. Тіпті, оны көріп те жатқандаймыз. Соңғы он жылда біздің еліміз Қазақстан бұрынғысынан да көркейе, көріктене түсті.
Сонымен қатар атағы ел-елге тарап,таныла бастауда. Алғашқы жылдары атлған дамыған елу елдің қатарына ену болса, ендігі мақсат яғни дамыған, озық отыз елдің қатарынан көрініп, Қазақ елініңэкономикалық болсын басқа да жағдайларын одан әрі жандандыра түсу және ең бастысы халықтың орташа жасының сексенге жеткізу. Әрине егер көп жасаған халық, көбейген елболатын болса Отанымыздың жасары да мол болары анық. Мұның барлығын да еліміздің көшбасшысы бұрынғы « Қасым ханның қасқа жолы», « Есім ханның ескі жолы» секілді « Нұрсұлтанның нұрлы жолын» құрып келе жатқан, сындарлы саясатын ұтымды, халыққа өтімді етіп ұстап отырған Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Алдағы уақытта Отанымыз жоспардағы ғана жетістіктермен ғана шектелмей, асқар асу белдерді бағындырары хақ.
Біз – елдің болашақ ұрпақтары « Отаным маған не бересің деп емес, Отаным, мен саған не бере аламын?» деп өсуіміз керек. Сонда елімізде әрқашан да және де мәңгілікке бейбітшілік орнары анық. Себебі, ертеңгі елдің тізгінін ұстар азаматтар білімді болса, олар барлық қиыншылықтарды ақылмен шеше алатын болады.
Халқымызда « Ерім дейтін ел болмаса, елім дейтін ер қайдан болады» дейді емес пе? Елімізді, жерімізді, Отанымызды ойлайтын азаматтар әрқашанда көп болсын!


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру