Салт-дәстүр: Есік көрсету

Салт-дәстүр: Есік көрсету

Есік көрсету, есік ашар — жаңа түскен келінді күйеу жігіттің туған-туысқандары мен дос-жарандарының өз үйлерімен таныстыру мақсатымен қонаққа шақыру рәсімі.

Келін келген жеріндегі үлкен-кіші, ағайын жұртымен осылайша жақындасып, араласа бастайды. Осы рәсім арқылы келіннің үлкен кісілерді, кімнің кім екенін танып-біліп, оларға құрмет көрсетуіне жол ашылады. Есік көрсету рәсімі арқылы келіннің елмен таныс-білістігі артады, туыстарының жай-жапсарын толық ұғады. Кіммен қалай қарым-қатынас жасау керектігінің жөн-жосығын аңғарады.

Есік ашқан келінді ақ басты аталар, ақ жаулықты аналар құрметтеп сыйлайды, сынай қарап тағылымды тәрбие береді, өмірдегі берекеге шақырады. Есік ашарға шақырылған келін құр қол бармайды, өз тойына келген жасаудан көйлек-көншек ала барады. Үлкендерді сыйлап алдынан өтпей, албаты сөйлемей әдептілік танытады, сыпайылық, сылықтық көрсетіп, жақсы жағымды келін екенін көрсетуге тырысады.

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру