Күйеуіңізді бақытты қылатын он жеті әдіс

Күйеуіңізді бақытты қылатын он жеті әдіс

1. Оны сұлу кейіпте қарсы алыңыз

Ол жұмыстан, оқудан, сапардан немесе сізден алыс әлдебір жерден оралған кезде көтеріңкі көңіл күймен сәлемдесіңіз.

- Оны жадырап қарсы алыңыз;

- Әщекейленіңіз, денеңізге әтір себіңіз;

- Жағымды хабарлардан бастап, жағымсыз хабарларды кейінге қалдырыңыз;

- Оны қаншалықты жақсы көретініңізді, қаншалықты сағынғаныңызды айтыңыз;

- Пісірген асыңыздың дәмді болуы үшін күш жігеріңізді салыңыз.

2. Әдемі дауыспен сөйлеңіз

Тек күйеуіңізбен әдемі, жұмсақ дауыспен сойлесіңіз. Бөгде ер адамдардың көзінше даусыңызды жұмсартпаңыз.

3. Денеңізден әдемі иіс шықсын, дене бітіміңізге мән беріңіз

- Денеңізді күтіңіз, фитнеспен айналысыңыз;

- Тартымды киім киіңіз, жұпар әтір себіңіз;

- Үнемі суға түсіп, етеккірден кейін тазаланып тұрыңыз;

- Куйеуіңіз сізді таза емес киімде көруді болдыртпаңыз;

- Тиым салынған әшекейлерден аулақ болыңыз, мысалы денеге сурет салудан;

- Куйеуіңізге ұнайтын иістерді, түстер мен киімдерді қолданыңыз;

- Уақыт өте шашыңызды өзгертіп, әтіріңізді ауыстырып тұрыңыз;

- Алайда мұның барлығында асыра сілтеуге берілудің қажеттілігі жоқ, және әдемі кейіпте тек махрам еркектер мен әйелдердің көзінше жүріңіз.

4. Жақындасуды әдемілеңіз

- Еріңіз қалаған уақытында жақындасуға асығыңыз;

- Денеңіз таза болып, жұпар әтір себіңіз, жақындасқаннан кейін мұқият тазаланыңыз.

5. Алла тағаланың бергеніне қанағат етіңіз

- Күйеуіңіздің кедейлігінен немесе қарапайым қызметте болған себебінен күйзеліске түсуден аулақ болыңыз;

- Кедей, сырқаттанған, мүмкіндігі шектеулі жандарға қарап, Алла Тағалаға берген нығметтері үшін шүкіршілік етіңіз;

- Нағыз байлық иман мен ізгілікте екенін ұмытпаңыз.

6. Дүниелік істерге қызығушылық танытпаңыз

7. Шүкіршіл болыңыз

- Дүниені өз үміттеріңіз бен қызығушылықтарыңыздың басты нысаны етуден аулақ болыңыз;

- Көптеген қажеттілігі жоқ нәрселерді талап етпеңіз;

- Кедей-кепшіктерге көмектесу үшін күйеуіңізді ақшаны аз жұмсауға ынталандырыңыз;

- Пайғамбарымыздың (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) айтуы бойынша, күйеулерінің жақсылықтарын теріске шығарғандары үшін тозақта әйелдер саны басым болады.

- Сіз разы болудың нәтижесінде күйеуіңіздің махаббатына қол жеткізесіз, ол өз кезегінде сізді одан сайын қуантуға ұмтылады;

- Жақсылықты бағалай алмауыңыз нәтижесінде күйеуіңіздің сізден көңілі қалады, күйеуіңізде: «Жақсылықты білмесе, оған неге жақсылық жасауым керек?»,- деген ой туындауы мүмкін.

8. Адал және сенімді болыңыз

9. Көнбіс болыңыз

- Әсіресе, күйеуіңіз басынан қиын кездер кешіп жатса;

- Қажет болған жағдайда өз ісіңізбен, қаражатыңызбен немесе мүлкіңізбен оған қолдау көрсетіңіз;

- Харам етілгеннен басқа барлық істе қолдау көрсетіңіз;

- Ислам дінінде күйеуі – отағасы болса, әйелі – оның көмекшісі, әрі кеңесшісі болып табылады

10. Ашуланса көңілін таба біліңіз

- Біріншіден, оның ашуын тудыратын барлық нәрседен аулақ болыңыз;

- Ашуланған жағдайда келесі әдістер арқылы көңілін жайландыруға тырысыңыз;

1. Егер қателік сізден кетсе – кешірім сұраңыз.

2. Егер кінә одан болса:

- Дауласпай, үндемей тұра тұрыңыз, немесе,

- Айтқанына көне салыңыз, немесе

- Оның тынышталғанын күтіп, бейбіт жағдайда бұл мәселені талқылаңыз.

3. Егер басқа бір сыртқы себептерден ашуланған болса:

- Ашуы басылғанша күте тұрыңыз;

- Оның ашуына сылтау іздеңіз: шаршады, жұмысында қиындықтар туындады, біреу ренжітті;

- Не болғаны жайында сұрастыра бермеңіз:

1) Не болғаны жайында маған айту керексің

2) Сені сонша ашуландырған нәрсені білуім керек

3) Сен менен бір нәрсені жасырып жатырсың, менің білуге құқым бар.

11. Ол жоқ кезде мыналарды сақтаңыз

- Өзіңізді барлық тиым салынған қарым-қатынастардан сақтаңыз;

- Жанұяның қыр-сырларын сақтаңыз;

- Үй мен балаларды сақтаңыз;

- Оның малы мен мүлкін сақтаңыз;

- Оның рұқсатынсыз сыртқа шықпаңыз, хиджабты толық киіңіз;

- Күйеуіңіз үйге келулерін қаламайтын адамдарды үйге шақырмаңыз;

- Махрам болып табылмайтын ер кісілермен оңаша қалудан алыс болыңыз;

- Оның ата-анасы мен туысқандарына жақсы қарым-қатынас көрсетіңіз.

12. Оның жанұясына және достарына құрмет көрсетіңіз

- Оның қонақтарының көңілінен шығуға тырысу керексіз, әсіресе ата-анасы болған жағдайда;

- Оның туысқандарымен сөзге келуден сақ болу керек;

- Оған анасы мен сіздің араңызда таңдау жасатудан аулақ болыңыз;

- Ең жақсы қонақжайлық танытыңыз: қонақтарды сыйлы орынға отырғызыңыз, дәмді тамақ пісіріңіз, әйелдеріне сәлем беріңіз және т.с.с.;

- Күйеуіңізді туысқандарды зиярат етуге, және оларды қонаққа шақыруға ынталандырыңыз;

- Оның ата-анасына, әпкелеріне телефон шалып, сыйлықтар беріп, қиын жағдайларда қолдау көрсетіңіз;

13. Сүйкімді қызғаныш

- Қызғаныш әйелінің күйеуіне махаббатын білдіреді, бірақ мұнда ислам әдептерінің шегінен шықпау керек: балағаттап, артынан жаман сөйлеп, құрметсіздік көрсету және т.б.

- Ізіне түсіп, негізсіз күмәндарға ұрынбау керек.

14. Шыдамдылық танытып, қолдау көрсетіңіз

- Жоқшылық пен қиын кездерде шыдамды болыңыз;

- Туысқандарыңыз бен мал-мүлкіңізбен тосын жағдайлар орына алғанда;

- Алла жолында берік болып, Жәннат жайында айтыңыз;

- Сізбен жағымсыз түрде қарым-қатынас жасаса, оның қаталдығын өзіңіздің жақсы мінезіңізбен емдеңіз.

15. Оған діни парыз өтеуде қолдау көрсетіңіз;

- Күйеуіңізге дініміздің парыз және нәпіл ғибадаттарын орындауға көмектесіңіз;

- Түнде құлшылық жасауға ынталандырыңыз;

- Күйеуіңізбен Құран тындаңыз;

- Бірге отырып дәрістер тындаңыз;

- Таң және ақшам намаздарынан кейін Алланы еске алыңыздар;

- Әйелдерге арналған ислам әдептерін үйреніңіз;

- Күйеуіңізге ақылды кеңестер беріңіз;

- Бірге дінге шақырыңыз.

16. Үй шаруашылығына көңіл бөліңіз

- Үйді тазалықта сақтаңыз;

- Уақыт өте жиһаздардың орын ауыстырып тұрыңыз;

- Дәмді әрі пайдалы ас әзірлеңіз;

- Үй шаруашылығына керекті нәрселерді үйреніңіз, мысалы тігін тігу;

- Балаларды Ислам аясында тәрбиелеу жайында үйреніңіз.

17. Ақшаны үнемдеп, жанұяны сақтаңыз

- Тіпті қайырымдылыққа да оның рұқсатынсыз ақша жұмсамаңыз;

- Балаларды таза ұстаңыз, олардың денсаулығы мен тәрбиесіне көңіл бөліңіз;

- Исламды үйретіп, пайғамбарлар мен сахабалар жайында айтып беріңіз.

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру