Бейімбет Майлин (1894-1938)

 Бейімбет Майлин (1894-1938)


Қазақша өмірбаян: Бейімбет Майлин, Қазақша өмірбаян, Бейімбет Майлин өмірбаяны, Бейімбет Майлинтың өмірбаяны, беимбет майлин  омирбаяны, беимбет майлин в биография на казахском, беимбет майлин  биография на казахском языке, беимбет майлин биография на казахском языке, беимбет майлин казакша биография, бейімбет майлин өмірбаяны рефератБейімбет Майлин - аса көрнекті суреткер жазушы, ақын, драматург.
Бейімбет Майлин 1894 жылы қазіргі Қостанай облысы, Тараз ауданы, казіргі Майлин атындағы кеңшарда туды.

Әкеден ерте жетім қалған бала жалшылықта жүріп, ауыл молдасынан сауат ашып, хат таниды, кейін көрші ауылдағы медреседе екі жыл оқиды.

1913-1914 жылдары Троицкідегі "Уазифа" мектебінде, оны бітіргеннен кейін Уфа қаласындағы "Ғалия" медресесінде оқиды. Медресе қабырғасында талапты жастармен бірге "Садақ" қолжазба журналын шығарысады. Алғашқы тырнақалды туындысы "Шұғаның белгісі" әңгімесі осы журналда жарияланады.

Медреседе белгілі татар жазушылары Мұхит Ғафури, Ғалымжан Ибрагимовтен сабақ алады, башқұрт ақыны Сайфи Құдашпен бірге оқиды. Денсаулығына байланысты оқуын аяқтай алмай, Бейімбет ауылға оралып, 1916-1919 жылдары ұстаздық етеді.
1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі кезінде Бейімбет халық жағында болып, өлеңдер жазады. Жаңа үкімет тұсында 1919-1921 жылдары ауылдағы кеңес жұмысына қатысады.

1925-1934 жылға дейін баспасөзде және баспа орындарында әр түрлі қызметтер атқарады.
1934-1937 жылдары "Қазақ әдебиеті" газетінің редакторы болып істейді.
1938 жылы жазықсыз тұтқындалып, қызыл қырғын саяси репрессияның құрбаны болды.

Бейімбет Майлин бірі қысқа, бір нұсқа әңгіме жанрының қазақ әдебиетіндегі мектебін ашты. Ол елуден аса жарық көрген әңгімелерінде ауыл өмірін бейнелеп, қарапайым қазақ адамының шынайы образын жасады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу
Пікірлер 3
  1. Нұрлан Сәдір
    Нұрлан Сәдір 07.09.2019 11:09
    0 + 0 -
    "1938 жылы Бейімбет Майлин өмірі биік белесіне енді шыға бергенде әділетсіз сезілді" - жарияланым авторының ойын түсіне алмадым. Не сезілді? Қазақта "Әділетсіз сезілді" деген сөз/сөз тіркесі бар ма? "Бейімбет Майлин бірі қысқа, бір нұсқа әңгіме жанрының қазақ әдебиетіндегі мектебін ашты", "Бейімбет Майлин қысқа да нұсқа әңгіме жанрының қазақ әдебиетіндегі мектебін қалыптастырды" десе дұрысырақ болмай ма?
  2. Жарас Майжанов
    Жарас Майжанов 10.12.2015 07:29
    0 + 0 -
    сайт өте керемет
  3. Diana Bituganova
    Diana Bituganova 26.11.2014 19:53
    0 + 0 -
    бул оте керемет тек малимет кобиректеу болса ренжимениздер