Кітап – білім бұлағы

 Кітап – білім бұлағы

Қызылорда қаласы
№101 Ә.Мүсілімұлы атындағы мектеп-лицейдің
3 «А» сынып оқушысы: Дәуренбек Гүлназ
Кітап - алтын қазына. Мен кітап оқығанды өте жақсы көремін. Әсіресе өзім сияқты оқушы балалар жайлы жазылған қызықты әңгімелерді сүйсіне оқимын. Менің сыныбымның барлық оқушылары қаламыздағы Ә.Тәжібаев атындағы кітапханаға барып, өздеріне ұнаған кітаптарды алып оқиды. Сынып жетекшіміз Индира Кеңесқызы бізге «Оқырман күнделігі» деген шағын кітапша таратып береді. Ал біз оқыған кітаптарымызды сол күнделікке түсіріп отырамыз. Оқырман күнделігін апаймыздан алғанша асығамыз. Себебі ол жерде қызықты сұрақтар бар, сурет салу бар.

Кітапты көп оқыған оқушының сөйлеуі де өзгереді. Ойын анық жеткізіп, көркем сөйлей бастайды. Жақында біз барлық сынып оқушыларымен қаламыздағы үлкен кітапханаға бармақшымыз. Кітапханамен толық танысып, тұрақты оқырмандары боламыз. Кітап – даналықтың бастауы деп айтар едім.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру