Айт намазы қалай оқылады?

Айт намазы қалай оқылады?

 Ораза айтта оқылатын намаздың басқа уақытта оқылатын намаздан айырмасы бар ма? Ораза айт намазында қандай сүрелер мен дұғалар оқылу керек?

Жалпы айт мейрамы намаз оқумен басталады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) өз өсиетінде: «Айт күні бірінші орындайтынымыз – намаз оқу» деген. Бұл ретте айт намазын Пайғамбарымыз (с.ғ.с) бірде-бір рет қалдырмай оқыған. Сонымен айт намазының ерекшелігі неде? Ораза айт намазының өзге намаздардан айырмашылығы – мұнда азан мен қамат айтылмайды. Мәселен жамағат намазға тұрғанда: «Екі ракағат Ораза айт намазын оқуға ниет еттім, ұйыдым имамға» дейді. Сосын «Аллаһу әкбар» құлақ қағып, тәкбір айтылып, қол байланады. Имаммен бірге жамағат құпия түрде «Субханәка Аллаһумә» дұғасын оқиды. Одан кейін имам жария түрде, жамағат құпия түрде «Аллаһу әкбар» деп, тәкбір айтып, қолды үш рет құлаққа көтеріп, бірінші және екінші тәкбірде қол екі жаққа түсіріледі. Ал үшіншісінде қол кіндіктің астына байланады. Имам «Әғузу» мен «Бисмилланы» құпия түрде, одан кейін «Фатиха» мен қосымша сүрені дауыстап оқиды. Кейін жария түрде «Аллаһу әкбар» деп, рукух пен сәждеге барады. Жамағат та имаммен бірге сәжде қылады. Содан кейін екінші ракағат басталады. Имам құпия түрде «Бисмилланы», жария түрде «Фатиха» сүресін және қосымша бір сүре оқиды. Міне, осыдан кейін алғашқы ракағаттағыдай үш рет «Аллаһу әкбар» деп қол құлаққа көтеріледі. Үш тәкбірде де екі қолды жанына түсіреді. Төртінші тәкбірде қолды көтермей, рукух жасалады. Одан кейін екі рет сәждеге бас қойылған соң, соңғы отырыста «әттахият», «салауат», «рәббана» дұғалары оқылып, екі жаққа сәлем беріледі. (Негізі екі ракағатта неше рет қолды құлаққа апару керектігі оңай есте қалу үшін «екі таста, бір байла, үш таста да бір еңкей» деп жаттап алынады). Осылайша, айт намазының оқылуы бітіп, имам құтпа оқуға мінберге шығады. Айта кетейік, айт намазында екі құтпа оқылады. Бірінші құтпаның басында «Аллаһу әкбар» деп тоғыз рет, ал екінші құтпаның басында жеті рет айтудың сауабы мол. Сонымен қатар, ерекше ескерте кететін жәйт, айт намазының басында немесе соңында сүннет намаздары оқылмайды. 



Айт намазы және Айт намазын оқу тәртібі


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу
Пікірлер 1
  1. hclickscomibyi
    hclickscomibyi 09.07.2021 04:29
    0 + 1 -
    Hello!
    This is Greg an I am owner of https://hClicks.com
    I just noticed that your site zharar.com does not contain push notifications and I would like to offer you the highest rates for this type of ad!
    Only one step and you will start to get profit.
    Do you want to know our advantages?
    -> Anti-AdBlock Domains
    -> Personal approach
    -> Daily payments
    To get the maximum rates, please send your request with a personal code to our support team hClicks-zharar.com-2021.
    We are waiting for you
    https://hClicks.com