4 Маусым - Рәміздер күні (Рәміздерім - мақтанышым)

 4 Маусым - Рәміздер күні (Рәміздерім - мақтанышым)

Жақанова Ғалия
1 сынып, Ә. Бөкейхан атындағы № 76 ЖББОМ КММ
Қарағанды қаласы Жетекшісі: Жұманбаева А.А.

Әрбір адам өз отанын, елін, жерін мақтаныш тұтады. Мен де өзімнің отанымды, елімді, жерімді сүйемін және құрметтеймін. Әрбір тәуелсіз мемлекеттің басқа мемлекеттерден айырып тұратын өз таңбалары болады. Ол таңбаларды біз рәміздер деп атаймыз. Мемлекеттік рәміздер әрбір адамның мемлекетіндегі бірлігін сезінуге көмектеседі. Біздің мемлекеттік рәміздеріміз
– Ту, Елтаңба және Әнұран. 1992 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев тұңғыш рет тәуелсіз еліміздің Туын, Елтаңбасын бекітті.

Мен өз елімнің мемлекеттік рәміздерін құрметтеймін. Өз елінің мемлекеттік рәміздерін сыйламау өз елін, халқын, тіпті, өзін - өзі сыйламау болып табылады.

Біздің Республикамыздың ең негізгі рәміздерінің бірі – Ту. Біздің мемлекеттік Туымыз тік бұрышты, көгілдір түсті. Оның көгілдір түсі біздің байтақ еліміздің аспаны ашық және бейбітшілік пен тыныштық орнаған мемлекет екенімізді білдіреді. Тудың ортасында барлық әлемге сәулесін шашып, нұрын төгетін күн және қазағымның қасиетті жеті қазынасының бірі болып табылатын қыран құс бейнеленген. Күн - өмір сүрудің белгісі. Оның жылуы жер бетіндегі тіршіліктің барлығына ортақ. Яғни біздің көп ұлтты мемлекетіміз сияқты, ешкімді бөлектемей барлық ұлттардың басын бір ортаға біріктірген.

Қазақ халқы ерте заманнан бері қыранды киелі құс деп есептеген. Қыранның Тудың ортасында орын алуы – біздің мемлекетіміздің қыран құс сияқты әрқашанда биікте болсын деген ақ тілегінің белгісі.
Ту қазақтың ежелден келе жатқан өнерінің жемісі ою - өрнекпен безендірілген. Ертеде ою - өрнек жаман күштерден сақтайды деп есептелген.

Біздің мемлекетіміздің көк аспанда нұрын шашып тұрған күн астында шарықтаған қыран құстай, ешбір жаман күштер тыныштығымыз бен бірлігімізді бұзбай, тек биіктерден көрінуін тілеймін.

Кез – келген мемлекеттің өзінің таңбасы болады. Біздің мемлекетіміздің де өз елтаңбасы бар. Елтаңба дөңгелек пішінді және басым бөлігі алтын түстес болып безендірілген. Оның ортасында күн сәулесін шашып тұрғандай әсер қалдыратын шаңырақ бейнеленген. Бабаларымыз шаңырақты құрметтеген. Шаңырақ бейнесі Қазақстанда өмір сүріп жатқан барлық халықтың Отаны, үйі бір дегенді білдіреді. Біздің көп ұлтты мемлекетіміздің ешкімді бөлектемей барлығына бірдей пана боламыз дегенді білдіреді. Шаңырақты күн сәулесіндей тараған уықтардың ұстап тұруы, біздің мемлекетіміздегі бірліктің белгісі болып табылады.

Елтаңбаның екі жағында орналасқан қанатты аттар ертеден біздің ер азаматтарымыздың адал серігі деп есептелген және қазақ халқының мықтылығын сипаттайды . Сонымен қатар, біздің ортақ шаңырағымызды екі жағынан қоршап, сыртқы жаман күштерден қорғап тұрғандай әсер қалдырады.
Мемлекеттік елтаңбаның ең жоғарғы жағында орналасқан жұлдыз бейнесі мемлекетіміздің жұлдызы жарық болсын деген тілекпен тығыз байланысқан.

2006 жылы қаңтарда Жұмекен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзіне жазылған Шәмші Қалдаяқовтың «Менің Қазақстаным» әні Қазақстан Республикасының жаңа Әнұраны болып бекітілді. Анам маған: «бұл ән Әнұран болмай тұрған кездің өзінде барлық ел оны жақсы көретін, осы әнді орындаған кезде орындаушының көзінен отанға деген бір ыстық сезім байқалатын, ал қазір бұл әнді барлығы біледі, барлығы сүйіп тыңдайды, сүйіп орындайды», - деді.

Мемлекеттік Әнұран – ол салтанатты ән. Оның сөздері өткен тарихымызды, бүгінгі өмірімізді, келешек арманымызды сипаттайды. Әнұранның сөзін еңбектеген баладан, еңкейген қарттарға дейін білуге міндетті. Әнұранды жүрегімізге оң қолымызды қойып тұрып айтамыз, тұрып тыңдаймыз. Бұл біздің жүрек түбінен шыққан Әнұранымызға деген үлкен құрметтің белгісі. Кез – келген салтанатты жиындар Әнұранмен ашылады.

Біздің спортшыларымыз олимпиадаларда үлкен жүлделі орындарға ие болған кезде де біздің көк Туымыз биікте желбіреп, Әнұранымыз шырқалады. Сондықтан да менің байтақ елімнің атын бар әлемге танытатын , Туым көкке көтеріліп, Әнұраным шарықтап шырқалатын күндер көп болсын деп тілеймін.

Еліміздің Әнұраны біздің мектепте алғашқы қоңырау, соңғы қоңырау және тағы басқа жиындарда орындалады.

Мемлекеттік рәміздермен мен ең алғашқы рет балабақшада таныстым. Ол кезде апайлар рәміздерді сыйлау керектігін бізге түсіндірді және әнұранымызды жаттатқызды. Одан кейін менің жақсы көретін мұғалімдерім – Райхан мұғалім мен Алмаш мұғалім рәміздер туралы көп әңгімелер айтып берді. Рәміздердің әрбір бөлшегін, мәнін, мағынасын бізге түсіндірді.

Менің Алмаш мұғалімім: «Сендер Қазақстанның болашағысыңдар, сондықтан да туған елдеріңді, рәміздеріңді, елбасыны қазірден бастап сыйлаңдар», - деп үнемі айтып отырады.

Елімізде тыныштық болып, көк Туымыз биікте желбіреп, Елтаңбамыз әлемге танылып, Әнұранымыз шарықтап шырқалатын болса, біздің келешегіміз де ұзақ және жарқын болады деп ойлаймын.

Қазақ елінің, Қазақстанымның мәртебесі биік, өмірі ұзақ болып, Мемлекеттік рәміздерімізге деген құрмет арта берсін!


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру