Отбасы күні (Отбасы - өмір аясы)

 Отбасы күні (Отбасы - өмір аясы)

Сценарий тақырыбы: "Отбасы-өмір аясы"

Сценарий мақсаты: ? қыркүйек – отбасы күнін атап өту, оқумен отбасын бірге алып жүрген студент қыздарды дәріптеу. Ұлттық салт-дәстүрлерді сақтау, отбасы тәжірибесін насихаттау.
Сценарий көрнекілігі: Плакаттар, мультимедиялық проектар, қолдан жасалған бұйымдар.

Сценарий жүру барысы:

Жүргізуші. Армысыздар, құрметті ұстаздар, қатысушы қонақтар, студенттер.
Жүргізуші. Бүгінгі «Отбасы - өмір аясы» атты отбасылық тәрбие шараға қош келдіңіздер.

Жүргізуші: ? қыркүйек отбасы күні. Отбасы қоғамдық құрылымның тобы, алғашқы ұясы.Қоғамның негізгі мақсаты адамдарды бақытты ету, ал мұның өзі терезесі тең, керегесі кең, берік отбасына байланысты.
Жүргізуші: Осы тәрбиелік шарамызды ашу үшін сөз кезегін Атырау медицина колледжінің директоры медицина ғылымының кандидаты Өтепқалиев Муса Ризуанұлына беріледі.

Жүргізуші: Осы тәрбиелік шараға шақырылған қонақтармен таныстырып өтейік.
1. Жумағазиев Эльдар Тынышбайұлы – Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының бастығы
2. Кәрімжанов Алмаз Кәрімжанұлы- Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы бастығының орынбасары
3. Дүйсекенова Злиха Қадырбайқызы – Атырау облысы Білім беру басқармасы бастығының орынбасары
4. Айтиева Нұрлы Тельманқызы- Атырау бизнес және құқық колледжінің директоры
5. Бекмурзиева Саяхат Малдыбатырқызы – Атырау политехникалық колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
6. Қабдолов Қанат Тарихұлы – Атырау агротехникалық колледжі директорынық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
7. Дюсемалиева Светлана Шынғалиқызы – Қатира Дүттбаева атындағы гуминитарлық колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
8. Мұханғалиева Гүлшара Дәрібайқызы- Дина Нүрпейісова атындағы халықтық музыка Академиясы Атырау музыка колледжі директорының тәрбие іс жөніндегі орынбасары
9. Беккужиева Әлия Байжанқызы – "Өнерпаз" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің орынбасары
10. Қыстаубаева Әсия Баянқызы – Атырау облысы статистика департаментінің бастығы
11. Нұржигитова Гүлбаршын Балқашқызы – "Мүгедектер әлемі" қоғамдық бірлестігінің төрайымы
12. Ғабдиева Лора Ғабдиқызы – "Нұр отан" Халықтық демократиялық партиясы бақылау комиссиясының инспекторы
13. Жалмурзина Зәмзагүл Қиданқызы –
14. Мамбетова Гүлнар Қалқашқызы – Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының директоры
15. Шамұрат Байжан – Атырау облысы балалардың құқықтарын қорғау департаментінің бөлім бастығы
16. Қабдырахманова Алмагүл Казистаевна – Облыстық денсаулық сақтау басқармасының маманы
17.Иманғалиева Бөпежан Газизовна Облыстық кураторлар кеңесінің
хатшысы
Жүргізуші: Қазақ халқының қаһарманы Бауыржан Момышұлы «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деп айтқандай, сіздердің алдарыңызға сайыскерлерді шақырамыз
Атырау медицина колледжінің «Емдеу ісі» мамандығы бойынша 85-86 топтан сайысқа қатысушылар
Мағауия Алтынай (Гумаровтар отбасы)

«Мейірбике ісі» бөлімі 269 топ
Гүлайым Наурызбай (Бисенғалиевтар отбасы)

«Мейірбике ісі» бөлімі 272 топ
Гүлжанат Ибрагим,Анаргүл,Ерназ,Мөлдір (Давлетовтар отбасы)

«Мейірбике ісі» бөлімі 273 топ
Нұржанат Абзал (Абуовтар отбасы)

Жүргізуші: Шалқытып мерекеде ән салайық,
Өнерпаз өрендерге тамсанайық.
Әділдік пен шындықты арқа тұтқан,
Әділқазы алқасын таныстырайық (қазылар алқасын таныстыру)


Кәрімжанов Алмаз Кәрімжанұлы – Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы бастығының орынбасары
Нұржигитова Гүлбаршын Балқашқызы- "Мүгедектер әлемі" қоғамдық бірлестігінің төрайымы
Мұханғалиева Гүлшара Дәрібайқызы- Дина Нұрпейісова атындағы халықтық музыка Академиясы Атырау музыка колледжі директорының тәрбие іс жөніндегі орынбасары


Жүргізуші: «Отбасы – өмір аясы» тәрбиелік шарамыз сайыс түрінде өтеді.
Сайыстың өту ережесімен таныстырып өтейік. Әр кезең 3минуттан аспауы керек және осы кезеңдерге берілетін жоғарғы ұпай саны 5ұпай

1. Тегін білу тектілік таныстыру кезеңі -3минут
2. Ертегілер еліне саяхат – 3мин
3. Өнерлінің өрісі кең – 3мин
4. Дәм-думан кезеңінде ескере кететін жағдай отбасылар дайындаған ас мәзірін қарап шығуларыңызды сұраймыз.
5. Сән үлгісі бұл кезеңде сайыскерлер өздерінің ой қиялдарынан жасаған сән үлгісін көрсетеді.
6. Қолөнер туындысынан ұршық иіру- 3мин


1- кезең: Жүргізуші:

Шығармас мұндайда бір шабысты ұмыт.
Көрелік ал ендеше жарыстырып
Келіп тұрған отбасылар
Жіберсін өздерін таныстырып дей келе «Тегін білу тектілік» кезеңіне
берелік

Жүргізуші: Әділқазылар алқасынан 1ші кезеңіміздің бағасын бергенше әнге кезек берелік Қисашов Олжастың орындауында «Түнгі сыр»
Жүргізуші:
Гумаровтар отбасының ұпай саны
Бисенғалиевтар отбасы ұпай саны
Давлетовтар отбасы ұпай саны
Абуовтар отбасы ұпай саны

2-кезең: Жүргізуші: «Атың барда жер таны желіп жүріп, асың барда ел таны беріп жүріп » деп қазақ бекер айтпаған. Қонаққа барудың да қонақтарды күтудің де өзіндік қыры мен сыры бар. Сайыскерлеріміздің өздері дайындаған ас мәзірі дәм- думанды тамашалайық.

Жүргізуші: Әділ қазылар бағасын бергенше «Болашақ» би тобының
орындауында «Фламенко» биі
Жүргізушілер
Гумаровтар отбасының ұпай саны
Бисенғалиевтар отбасы
Давлетовтар отбасы
Абуовтар отбасы

3-кезең: Жүргізуші:
Ал кімнің өнері бар қаншалықты,
Көрсетеді ән биді бойындағы.
Бүгінгі отбасылар сайысын,
Сайыскерлер аянбай- ақ жан салыпты дей келе, «Өнерлінің өрісі кең» деген айдарымен отбасылар өз өнерлерін көрсетеді.

Жүргізуші: : Әділ қазылар бағасын бергенше Қабдолова Гүлдананың
орындауында «Арнадым саған әнімді»
Жүргізуші:
Гумаровтар отбасының ұпай саны
Бисенғалиевтар отбасы
Давлетовтар отбасы
Абуовтар отбасы

4- кезең: Жүргізуші:
«Бесік жырын естіген, бес арыстың баласы» десе. Бесік жырын естіген, жердің үнін естіген дейді. Қазақ халқында бала бесікте жатқаннан -ақ ертегілер арқылы тәрбиелеген.
Келесі сайысымыз «ертегілер еліне саяхат»
Жүргізуші: Әділ қазылар бағасын бергенше «Жауқазын » би тобының орындауында Орыс биін тамашалаңыздар.
Жүргізушілер
Гумаровтар отбасының ұпай саны
Бисенғалиевтар отбасы
Давлетовтар отбасы
Абуовтар отбасы

5-кезең: Жүргізуші:
Әдемі болыңдар, әсем болыңдар, сонымен бірге ақылды болындар. Сұлу болыңдар, сымбатты болыңдар, сонымен бірге саналы болындар.
Сабарлы болындар, салиқалы болыңдар, сонымен бірге салауатты болыңдар.

Иә жақсылыққа шын сенейік
Отбасыны, бір биікке теңейік
Ал енді сәндік үлгісін көрсетсін
Отбасыларға кезек берейік дей келе сайыскерлер өздерінің ой қиялдарынан жасаған сән үлгісін көрсетеді.

Жүргізуші:Әділқазылар алқасынан 5 ші кезеңіміздің бағасын бергенше Құлманова Жұлдыздың орындауында ән «Жаса Қазақстан»
Жүргізушілер
Гумаровтар отбасының ұпай саны
Бисенғалиевтар отбасы
Давлетовтар отбасы
Абуовтар отбасы

6- кезең: Жүргізуші:
«Жапырақ тамырдан нәр алады» дейді халқымыз. Әр адам әдеп -ғұрып пен дәстүрлерді өзі өскен отбасынан алады. Қазақ халқы қыз баланы үй шаруашылығын жасауға жете меңгерткен.

Жүргізуші:Келесі сайысымыз «Қол өнер туындысынан ұршық иіру».

Жүргізуші:Әділқазылар алқасынан 6 шы кезеңіміздің бағасын бергенше «Ақ жайық» би тобының орындауынданыда «Адай» биі
Жүргізушілер
Гумаровтар отбасының ұпай саны
Бисенғалиевтар отбасы
Давлетовтар отбасы
Абуовтар отбасы

Жүргізуші: Осымен бүгінгі «Отбасы- өмір аясы» сайысы өз мәресіне жетті .Әділқазылар алқасы кеңесіп , байқау нәтижесін шығарғанша кезекті әнге берейік Бақтығалиева Жансаяның орындауында "Бақыт бастауы" әнімен
Жүргізушілер
Гумаровтар отбасының ұпай саны
Бисенғалиевтар отбасы
Давлетовтар отбасы
Абуовтар отбасы
Жүргізуші:Қорытынды сөз әділқазылар алқасына және Бөпежан Ғазизовнаға беріледі.
Жүргізуші:
Осы тәрбиелік шарамызды қорытындылау үшін Атырау медицина колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Абдырахманова Гүлбарам Ғинаятқызына сөз кезегін береміз.
Жүргізуші: Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет! Сау сәлемат болыңыздар.

Осы сайыстың қорытындысы бойынша
«Бас жүлде» .................. отбасы
«Үлгілі отбасы» .................. отбасы
«Шебер» отбасы .................. отбасы
«Ғажайып отбасы» .................. отбасы.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру